"Қазақфильм" киностудиясының президенті жаңадан тағайындалды
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Құрманбек Жұмағали "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 18 қарашада Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызмет пен медиа саласында мол тәжірибесі бар. Әр жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында басшылық қызметтер атқарды. Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін осы басқарманың басшысы, сондай-ақ "Қазақ радиолары" директоры болды.
- 2019-2021 жылдары "Астана" телеарнасын,
- 2021-2023 жылдары "31 арнаны" басқарды.
- 2023 жылғы шілдеден бастап жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы болды.
Бұған дейін Қазақстанның халық ақыны, айтыс өнерінің көрнекті өкілі Әсия Беркенова дүниеден өткені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript