Қытайда "омикрон" штаммын жұқтырған бірінші адам анықталды
Қытай билігі коронавирустың "омикрон" штаммын жұқтырған алғашқы жағдай анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қытайлық Tianjin Daily басылымына сілтеме жасап, NDTV хабарлады.
Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласының Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қалаға шетелден келген симптомы білінбейтін Covid-19 тасымалдаушысынан алынған үлгіні вирус геномымен шағыстырып көрді. Осыдан кейін бұл коронавирустың жаңа түрі - омикрон екендігі ресми түрде расталды.
Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон өз елінде коронавирустың "омикрон" штаммын жұқтырғандар арасында алғашқы кісі өлімі тіркелгенін хабарлаған еді. Осыдан кейін Джонсон "омикрон штаммы" коронавирустың жеңіл түрі деген ойдан арылу керектігін айтты.