Смайылов: Біздің негізгі міндетіміз – эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният соңғы апталарда вакцинациялар жұмысы бәсеңдеп қалғанын айтты. Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда 9,4 млн астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 8,7 млн-нан астам адам екінші компонентін алды. 670 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті.
Негізгі міндет – эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау екенін айтқан Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге ПТР-тестілеу санын ұлғайтуды, жедел мониторинг жүргізіп, медицина қызметкерлері мен ауруханаларда резервтік орындардың даярлығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуын қадағалауды тапсырды.
Біздің негізгі міндетіміз – эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша шараларды күшейту қажет.ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов
Премьер-министр үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың жұмысын жандандырып, оларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажет екенін, сонымен қатар дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығына жол бермеу шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті.
Ә. Смайылов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге халықты ревакцинациялау қарқынын едәуір арттыруды тапсырды.
Тақырыпқа орай оқи отырыңыз: