Әлемде твиндемия басталды ма
![Вакцина, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2022 17:53](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-cb94464f-6367-4b0f-ad02-d7ebc009369c/800x451.webp)
Еуропада твиндемияның басталуы немесе инфекцияның ұзақ ағымы туралы айтыла бастады. ЕО елдерінде ЖРВИ мен тұмаудың өсу қарқыны жоғарылағандықтан, сарапшылар тұмау мен COVID-19 жұқтырған пациенттердің бір уақыттағы жоғары деңгейі – ұзақ твиндемияның басталғаны туралы айтуға болады деп санайды.
"Тұмау вирусының оралуы аурудың ұзақ таралу маусымының бастауы болуы мүмкін, оның жазға дейін созылуы да ғажап емес", – деді Pasi Pentinen Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының сарапшысы.
Мамандар твиндемия Еуроодақ елдерінің covid-19 вирусына қарсы күреспен айналысатын денсаулық сақтау жүйелеріне шамадан тыс жүктеме түсіретінін атап өтті.
Ресейде коронавирусты жұқтыру қарқыны артып келеді. Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 31 252 жағдайы анықталды.
Ең көп дерек елдің ірі қалаларында тіркелді: Мәскеуде – 8 342, Санкт-Петербургте – 4 078. Күніне аурудың салдарынан 688 науқас қайтыс болды.
Жалпы, коронавирустың таралуы басталғаннан бері Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 10,865,512 жағдайы тіркелді.
22 678 адам көз жұмды. Ресми мәліметтерге сәйкес, 76,6 миллионға жуық ресейлік коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтті. Covid-19-ға қарсы 10,8 миллион азамат ревакцинацияланды.