Дәрігер алкогольдік сусындар ішінде қайсысы өте зиян екенін айтты
Бұл туралы "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында "СМ-Клиниканың" дәрігер-терапевті, кардиолог Рүстем Османов айтты.
Коньяк жоғары калориялы болуына байланысты зиянды, ал сыра бүйрекке көп салмақ түсіреді. Сондай-ақ алкогольді коктейльдер мен аққайнар шараптар қанттың жоғары концентрациясына байланысты зиянды болып табылады деп атап өтті дәрігер.
Сарапшы шарапты ең аз зиян келтіретін алкоголь екенін айтады. Алайда ол оны аз мөлшерде тұтыну керектігін ескертеді.
Алкогольді коктейльдерді жиі тұтыну қанттың көп болуына байланысты метаболикалық бұзылуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ал арақты көп ішу ағзаның уланып, жүрек, бауыр, бүйрек функциясының және т.б. бұзылуларға әкеліп соқтырады, деп түсіндіреді сарапшы. Шампанды жиі қолдану бауыр мен ұйқы безінің бұзылуына жол беруі мүмкін, - дейді дәрігер.