Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау басқармасы реанимациядағы орындардың толу себебін атады

Астана, коронавирус, вакцинация, өзін-өзі емдеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 18:23 Сурет. Zakon.kz
Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пациенттердің коронавируспен ауырғаннан кейін өзін-өзі емдеу тәсілін қолданған соң реанимацияға түсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Мамандардың айтуынша, үйде өзін-өзі емдеумен айналысқан немесе жеке клиникалардағы дәрігерлердің нұсқауы бойынша антибиотиктер қабылдағандар көбінесе реанимацияға түседі.

Біз пациенттер арасында талдау мен сауалнама жүргіздік. Осы арқылы науқастың жағдайы туралы, ауруханаға жатқызылғанға дейін денсаулығы қалай нашарлағанын білдік. Көптеген адам тіпті ПТР-дан өтпегендерін мойындайды. Симптомдары байқалған бойда өздерінің таныстарына, дәрігер мамандығы бойынша оқыған туыстарына ақыл-кеңес сұрап жүгінген. Бұл олардың денсаулығын тіптен нашарлатпаса, жақсартқан емес. Өйткені коронавирусты өз бетімен емдеуге болмайды! Өкінішке қарай, қазір жеке мекемелердегі әріптестерімнің қателігінің салдарымен күресіп жатырмыз.Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов

Басқарма басшысының айтуынша, жеке медициналық ұйымдардың мамандарына хаттамаға сәйкес коронавирусты емдеу жолы үйретілмеген.

Бұл дәрігерлер COVID-19 инфекциясын емдеу мәселесіне толық жауапты емес екенін білу керек. Ал біз дәрігерлерімізді осы бағытта оқытып, біліктіліктерін арттыруды әлі де жалғастырып жатырмыз. Жекеменшік емханаларда науқастарды күшті антибиотиктер, тіпті гормоналды препараттар арқылы емдейді. Бұл медициналық көмекке мүлдем қайшы келеді. Қазір стационарларда орташа дәрежедегі пациенттер саны азайды, бірақ аса ауыр жағдайдағы пациенттердің қатары азаймай тұр. Олардың 90%-ы өзін-өзі емдеумен айналысқан және вакцинацияланбаған.Тимур Мұратов

Дәрігерлер қала тұрғындарын коронавирустық инфекцияны емдеуге жауапты емес мамандардың көмегіне жүгінбеуге шақырады. Сондай-ақ, мамандар вакцинацияның маңыздылығын кезекті рет еске салды, бұл вирустың ауыр жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: