Ғалым COVID-19-дың ерлер денсаулығына әсері туралы айтты
Ұрықтану қабілеті мәселесі көбіне танымал. Әсіресе ол вакцинация және тағы басқа аурулар туралы түрлі қорқынышты әңгімелерде қолданылып жатады. Бірақ вакцинаны әзірлеген елдердің барлығы дерлік ең бірінші оның ұрықтану қабілетіне әсерін зерттейді. Себебі вакцинаның ұрықтануға кері әсері бар ма, жоқ па – бұл негізгі мәселелердің бірі.Уролог-андролог Александр Корольков
Маман мысал ретінде былтыр мамырда Израиль мамандары Pfizer вакцинасының спермограмма индексіне әсері туралы зерттеу жүргізгенін келтірді. Спермограмма индексі – медицинада қолданылатын ерлердің ұрықтану қабілетін анықтайтын талдау.
Сонымен қатар 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қарашасына дейін Бостон университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде үлкен зерттеу жүргізілді. Онда вакцина ерлер денсаулығына әсер ететін-етпейтінін анықтау үшін 2000-нан астам вакцинацияланған жұп бақыланды.
Барлық ғалым вакцинация ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу функциясына кері әсер етпейтінін айтып жүр. Бұл бұған дейін де, қазір де түрлі уақыт аралығында қайталанатын зерттеулермен дәлелденіп жүр. Бір қызығы вакцинацияланбағандарға қарағанда вакцинаны салдырған адамдарда бала сүюге мүмкіндік жоғары. Вакцинация шамамен 50 жыл бойы қолданылып келеді. Оның ұрпақты болу функциясына теріс әсерін дәлелдейтін зерттеу болған жоқ.Уролог-андролог
Вакцина салдырған дұрыс па, салдырмаған дұрыс па?
Майами университетінде және Ресейде коронавирус инфекциясы бар науқастарға зерттеулер жүргізілді. Әр зерттеуде нәтижелер бірдей болды. Инфекциядан кейін ерлердің шамамен 22%-ында тромб түзілуі болуы мүмкін. Ал 12%-ында қан кету қаупі жоғары болса, 12% жағдайда спермограммада ауытқулар байқалады. Демек фертильділік нашарлап барады. Ерлердің шамамен 38%-ында тестостерон деңгейінің төмендеуі байқалады. Ал бұл – ұрпақты болу мен сперматозоидтардың жетілуіне қатысатын негізінен ерлер гормоны.Ерлер денсаулығы бойынша маман Александр Корольков
Дәрігердің айтуынша, ғалымдар КВИ-дан айыққан науқастарда тератозооспермия жиі кездесетінін, атап айтқанда дұрыс жетілмеген сперматозоидтардың көбеюін байқаған.
Тератозооспермия – ұрықтандыруға қабілетсіз ақаулы сперматозоидтар. Мұндайда сперматозоидтардың қозғалысы және саны азаяды. Егер ақау болса, адам одан әрі ұрықтануға қабілетсіз болып қалады. Кейбір жағдайларда бұл көрсеткіш 96% -ға жетті, себебі барлық сперматозоидта ақау болған. Иә, бақытымызға орай, өзгерістер уақытша болатыны туралы жаңалық бар. Мұнда нәтиже әркімде әртүрлі. Пациенттердің коронавирусты қаншалықты ауыр не жеңіл өткергеніне қарай нәтиже болады. Орташа алғанда бұл кезең үш айдан алты айға дейін созылады. Аурудан кейін эякуляцияның сапасы төмендейді. Ерлердің денсаулығы бойынша сарапшы
Маман ерлерге үнемі денсаулығын тексертіп тұруға кеңес берді. Оның айтуынша, пандемия мен коронавирус қаупіне байланысты бұл мәселеге мұқият қарау керек. Өйткені коронавирус пайда болғалы бері ерлер денсаулығына қатысты статистика нашарлаған көрінеді.
Коронавирус жұқтырып ауырған соң ерлер спермограмма, тестостерон, жалпы қан анализі және тромбоз қаупін анықтау үшін талдаудан өтуі қажет.
Оның ішінде спермограмма талдауы үшін арнайы дайындалу қажет. Ол үшін анализ алдында 3-5 күн жыныстық қатынасқа түспей, сауна мен ванна сияқты ыстық процедураларға бармай, бір апта алкоголь ішпей жүру керек. Сонымен бірге сынақ күні темекі шекпеу қажет.
Ауырған соң қанша уақытта тексерілу қажет? Мұнда да нақты айту қиын. Себебі вирустың кері әсері үш айдан алты айға дейін созылуы мүмкін. Жалпы талдауды 1-3 айда тапсыруға болады. Егер спермограмма қабылданса және нәтиже нормаға сай болмаса, алаңдамаңыз. Екі-үш айдан соң қайта тексеріп көріңіз. Ауытқу жағдайында урологпен байланысуды ұмытпаңыз. Дәрігерлер себебін анықтауы керек болады. Тестостерон гормоны стресске өте сезімтал. Аурудан соң қобалжысаңыз, бұл гормонның талдауы бірден өзгеріп кетеді. Гормон талдауы басқаша болса, уақыт өткен соң қайта тапсырып көріңіз. Егер екі рет тапсырған соң да нәтиже қалыпты болмаса, онда урологқа жүгіну қажет.Уролог-андролог Александр Корольков