Қазақстанда бір аптада COVID-19 жұқтырғандар саны 21%-ға өсті
Ажар Ғиният елде коронавирус жұқтырғандар саны артқанын атап өтті.
"Қараша айының басынан бері республикада КВИ-мен ауырғандардың артқаны байқалып, бір тәулікте 235-ке дейін КВИ+ және 40-қа дейін КВИ- жағдайы тіркелді. Өткен уақытта аурушаңдық 21%-ға өсті. Бір аптада - 1001 жағдайдан 1283 жағдайға дейін науқастар саны артты", - деді Ажар Ғиният.
Бұл ретте 15 өңірде R индексі 1-ден жоғары. Бұл инфекцияның таралуының артқанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы реттілік нәтижелері бойынша Omicron штаммының BA.5 кіші түрінің айналымы - 86%, BA.4 - 5%, BQ.1.1 - 0,5%, т.б. 8,5% - республика бойынша расталды.
Республика бойынша инфекциялық төсек-орындар 13% (2136 төсек-орынның 296-сы), реанимация – 3% (352 төсек-орынның 12-сі) құрайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, ревакцинация бойынша жұмыс жеткіліксіз.
Қазақстанда "Цербер" коронавирусының өте жұқпалы штаммы таралуда. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аурудың белгілері туралы білу керек деді.