Қазақстан жасөспірімдерге арналған Sputnik M вакцинасын мақұлдады

вакцина, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 14:28 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасын жасөспірімдерге қолдануды мақұлдаған алғашқы мемлекет болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Sputnik M вакцинасын елде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФПИ) хабарлады.

Енді Қазақстан Sputnik M вакцинасын пайдалануды мақұлдаған алғашқы шетел мемлекеті болды, – делінген РФПИ хабарламасында.

Қор мәліметі бойынша, Sputnik M вакцинасының басқа бірқатар шетелдік өндірушілердің жасөспірімдерге арналған вакциналарынан айырмашылығы – Н.Ф. Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология институты бекітуі.

Sputnik M – Sputnik V вакцинасына ұқсас екі компонентті препарат. Sputnik M мен Sputnik V арасындағы жалғыз айырмашылық – аденовирустық бөлшектердің концентрациясы бес есе аз болуында. Соның арқасында вакцинаны жасөспірімдердің иммунитеті ересектердікіне қарағанда жеңілірек қабылдайды.

Айта кетейік, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik M-ді 2021 жылдың 24 қарашасында жоғары қауіпсіздік пен иммуногендік профилін растайтын клиникалық зерттеулер негізінде тіркеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: