Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Pfizer вакцинасын жеткізу бойынша соңғы келісімшартқа қол қойды

pfizer.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 23:18 pfizer.com
Айта кетсек, Қазақстан балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасын егуді жоспарлап отыр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын жеткізу бойынша соңғы келісімшартқа қол қойылғанын мәлім етті. 2021 жылдың төртінші тоқсанында препарат Қазақстанға әкелінеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Біз соңғы келісімшартқа қол қойдық. Компанияның бірнеше құжатты қамтитын нақты процедурасы бар. 4 миллионға жуық дозаны жеткізу жоспарланып отыр. Тасымал күтіліп отыр. Менің ойымша, жақын арада, төртінші тоқсанда, ол біздің қолымызға тиеді, - деді ОКҚ-да өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрі.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда арнайы тоңазытқыш қондырғылары дайындалып жатыр, себебі Pfizer вакцинасы минус 80 градуста сақталуы тиіс.

Біз қазір тоңазытқыш қондырғыларын жеткізіп жатырмыз. Олар қажетті режимге сәйкес болады, яғни минус 80. Барлық жағдайлар жасалады. Вакциналау пункттері ұйымдастырылып қойылған, принципі қолданыстағы ұқсас. Жалғыз айырмашылық - вакцинаны сақтау режимінде. Осыған байланысты барлық аймақтарға қосымша қондырғы жеткізіліп, орнатылады. Менің ойымша, вакцина жеткізілген кезде бізде тоңазытқыштар оны қабылдауға дайын тұрады, - деді Алексей Цой.

Айта кетсек, Қазақстан балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасын егуді жоспарлап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: