Қазақстан Pfizer вакцинасын алдырту бойынша әлі келісімшартқа отырған жоқ
zakon.kz
1 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігі 23 тамызда Pfizer-BioNTech Comirnaty вакцинасы Қазақстанда сегіз ай мерзімге уақытша тіркеуден өткенін хабарлаған еді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға Pfizer вакцинасын алдырту мәселесі әлі де пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Pfizer-BioNTech вакцинасын алдырту жоспарда бар. Қазіргі уақытта тасымалдау, жеткізу кестесі мен келісімшартқа қол қою мәселелері пысықталып жатыр, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.
Бұған дейін Алексей Цой бұл вакцина түрінің қазан айында жеткізілетінін, оның тек балалар мен жүкті әйелдер егілетінін айтқан. 1 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігі 23 тамызда Pfizer-BioNTech Comirnaty вакцинасы Қазақстанда сегіз ай мерзімге уақытша тіркеуден өткенін хабарлады.
Айта кетсек, Президент өз Жолдауында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналар сатып алу шараларын жеделдетуді тапсырған болатын. Қазір Қазақстанда ДДҰ тіркеген екі вакцина бар: CoronaVac және Vero Cell.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript