Алматылық дәрігерлер 69 жастағы пациенттің жұлынындағы ісікті алып тастады
Жоғары технологиялы операция міндетті әлеметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.ОҚКА баспасөз қызметі
Аурухананың нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, аталған әдіс операция кезінде пациенттің жүйке жүйесін зақымданудан барынша қорғайды. Сонымен қатар нейрохирургтің ота барысында жасалатын манипуляцияларды бастан-аяқ бақылап отыруына мүмкіндік береді.
Операция алдында біз науқастың бұлшық еттеріне және организмнің функционалдық маңызы бар аумағына арнайы электродтар орнатамыз. Кейін оларды интраоперациялық нейромониторинг жүйесіне қосамыз. Сол арқылы операция барысын толық бақылауда ұстаймыз. Бұл жүйе манипуляция барысында жүйке жүйесінің зақымдануына жол бермейді.Нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматов
Жоғары технологиялы операция пациенттің 6 және 7-омыртқа бөлігіне жасалды.
Мамандардың айтуынша, жұлындағы ісік салдарынан жүйке қызметі бұзылады. Әдетте, аяқ-қолда әлсіздік пайда болады, сезімталдығы жойылады. Жамбас пен жыныстық органдардың функциясы бұзылады.
Сурет: ОҚКА баспасөз қызметі
Екі сағатқа созылған ота сәтті өтті. Дәрігерлер пациенттің қалыпты өмірге қайтып оралуға толық мүмкіндігі бар екенін айтты.
Еске сала кетсек, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялардың ақысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленеді.