Алматылық дәрігерлер жүректе сирек кездесетін ісікті алды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 14:40 Фото: akorda.kz
Алматылық дәрігерлер 28 жастағы науқастың жүрегінен қатерсіз ісікті алып тастады.

Көлемі 6 да 4 сантиметр болатын ісік сол жақ жүрекшесінің ішінде орналасып, қозғалып, жүрек қақпақшасының жұмысына кедергі келтіріп тұрған.

Содан болар науқас ентігіп, дем жетпей келді дейді дәрігерлер. Эхокардиография нәтижесінде науқастың дерті асқынғанын мамандар бірден анықтап, шұғыл ота жасауды ұйғарған, деп жазады qazaqstan.tv.

Операция үш сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Қазір емделушінің жағдайы жақсы, дәрігерлер бақылауында.

"Операция жасанды қан айналым арқылы жасалды. Жүректі тоқтатып жасадық. Өйткені жүректің ішіндегі қатерлі ісікті – ең маңыздысы толық алып тастау болды. Бұл қатерлі ісік өте жұмсақ. Мармелад сияқты. Инструменттермен ұстаған кезде қатерлі ісік өте бөлініп кету қаупі болды." Нұржан Мүсірепов, Алматы қалалық кардиология орталығының бөлім меңгерушісі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: