Дәрігерлер Шымкентте 10 жасар баланың миынан бірнеше құрт алды

Шымкент, эхинококкоз, таспа құрт, киста, бала, мидағы эхинококкоз, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 15:00 Сурет: primeminister.kz
Шымкентте дәрігерлер баланың миынан үлкен эхинококк кистасын алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz басылымының жазуынша, бала үнемі бас ауруына шағымданған. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер мидың эхинококкозын анықтады.

Дәрігерлердің айтуынша, мидан шамамен 10-15 таспа құрт алынған. Ал кистаның ұзындығы 15 см, ені 10 см-ге жеткен.

Операция екі сағатқа созылды. Науқас реанимацияда екі күн жатып, палатаға ауыстырылды. Бір аптадан кейін бала үйіне шығарылды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

"Сәуірде 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Жоспарланған тәртіпте балаға операция жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Диагноз МРТ көмегімен анықталды. Баланың бас ауырған",  – децді қалалық клиникалық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері Самат Көкшікбаев.

Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн алынды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: