Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандықтардың АИТВ инфекциясын жыныстық жолмен жұқтыру ықтималдығы жоғары

АИТВ, ВИЧ, вирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 17:45 Cурет: unsplash
Нұр-Сұлтан қаласындағы АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов елорда тұрғындарының ВИЧ инфекциясын қалай жұқтыратынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылдың қорытындысына сай 15-49 жас аралығындағы АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі 0,29% болды. Бұл 2021 жылғы болжамнан төмен және «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының параметрлері шегінде 0,2-0,6% деңгейінде сақталды. Сонымен қатар кейінгі 10 жылда Нұр-Сұлтанда 15-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының таралуы 2,4 есеге артты.Нұр-Сұлтан қалалық АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов

Сәбит Әбдірайымов жаңа жағдайлардың орташа жылдық өсімі 18-19% болғанын қоса кетті.

Инфекция көбіне жыныстық жолмен тарайды. Таралуы бойынша жыныстық қатынас бұрынғыдай алда тұр: барлық жұқтыру жағдайларының 80%-ы. 17-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында да жұқтыру жағдайлары тіркеліп отыр. Орталықтың диспансерлік есебінде АИТВ жұқтырған 1643 адам тіркелген.Нұр-Сұлтан АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов

Орталықтың мәліметінше, АИТВ жұқтырғандардың ең жасы үш жаста, ал ең үлкені 78 жаста.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: