Инсультты емдемесе, қандай зияны бар – кардиолог жауап берді
Инсульт неден пайда болады?
Инсульт – қан тамырларының жарылуынан болатын мидағы қан айналымының бұзылуы. Адам инсультке шалдыққанда қан ұйығы (тромб) мидағы қанайналымын бұзады. Оттегінің жетіспеушілігі ми жасушаларының өліміне, сонымен қатар сөйлеу, есте сақтау және қозғалыс функцияларының бұзылуына әкеледі.
Кардиолог Мухабатхан Тохтасунованың айтуынша, инсульттың кейбір қауіп факторларын бақылау қиын. Сондықтан кез келген адам инсультке шалдығуы мүмкін. Инсульттің қауіпті факторлары: жоғары артериялық қан қысымы, холестериннің жоғары деңгейі, қант диабеті, артық салмақ, темекі шегу, алкоголь және есірткі тұтыну, жүрек-қан тамыр аурулары.
Инсультке көбіне 45 жастан 55 жасқа дейінгі ер адамдар шалдығады. Инсульттың белгілері: аяқ пен қолдың, көбіне дененің бір жағының кенеттен әлсіреуі, сана бірден бұлыңғыр тартып, сөйлеудің бұзылуы, көздің көруі әлсіреуі, жүрістің, тепе-теңдіктің бұзылуы және кенеттен болатын бас ауруы, – дейді кардиолог.
Алғашқы көмекті қалай көрсету керек?
Инсульт болған жағдайда бірден алғашқы көмекті беру өте маңызды. Дәрігердің сөзінше, жаныңыздағы адамда инсульт белгілері пайда болса, шұғыл түрде жедел жәрдемді шақыру керек. Себебі ми қанайналымының бұзылуы алғашқы 3 сағатта емделеді.
Адамды қозғалтпаңыз, оны төсекке апарып жатқызбаңыз. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігі мен басын 30 градусқа көтеріңіз. Егер лоқси бастаса, басын бір жағына қарай бұрыңыз.Кардиолог Мухабатхан Тохтасунова
Инсультты емдемесе, қандай салдары болуы мүмкін?
Инсульттың салдары ишемиялық инсультқа себеп болуы мүмкін. Ишемиялық инсульт болған жағдайда әдетте, ұйыған қан мидың ұсақ тамырларында кептеліп, ондағы қан ағымын тежейді.
Ал геморрагиялық инсульт сирек кездеседі. Бұл мида қан тамырлары жарылып, ағып жатқан қан ми мен бас сүйегінің арасындағы кеңістікті толтырған кезде пайда болады. Мидың аздаған бөлігінің зақымдануы аяқ-қолдардың әлсіреуіне әкеледі. Инсультке шалдыққан адамдардың көбі денесінің бір жағы жартылай немесе толығымен сал болып қалады. Сөйлеу, есте сақтау қабілеті нашарлайды.Кардиолог
Инсультты болдырмау амалы қандай?
Дәрігердің айтуынша, инсульттың профилактикасы – салауатты өмір салтын ұстану.
Артериялық қан қысымы мен қандағы холестериннің деңгейін бақылау, тұзды пайдалануды азайту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, оның ішінде көбіне жемістер мен көкөністер жеу – осының бәрі аурудың алдын алады. Сонымен қатар темекі шекпеңіз, алкоголь ішімдіктерін ішпеңіз.Кардиолог Мухабатхан Тохтасунова