Жаңалықтар тізбегі
0

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті рамен әуесқойларына ескерту жасады

лапша, рамен, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 14:49 Сурет: unsplash
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елімізде сатылатын тез дайындалатын рамен, лапша тағамдарында генетикалық түрлендірілген организм (ГТО, ГМО) 40 есе артық екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл бес айда өнімнің қауіпсіздігін бақылау шеңберінде қаланың сауда желісіндегі өнімдер құрамындағы ГТО мөлшерін зерттеуге тамақ өнімдерінің 65 үлгісін сатып алды, олар: тез дайындалатын кеспе, кондитерлік өнімдер, шай және жержаңғақ.

Сараптама нәтижесінде ГТО Қытай өндірісінің бір сынамасынан, яғни «Nongshim Korean kimchicheese» RAMYUN Noodle (кимчи ірімшіктің дәмімен) тез дайындалатын кеспесінен табылды.

КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» нормативтік көрсеткіштері бойынша нормаланатын ГТО көрсеткіші 0,9%-дан аспауы тиіс, зерттелген кеспе үлгісінде сандық көрсеткіш 36,55%-ды құрады, яғни 40 еседен артық, – делінген комитет хабарламасында.

Гендік түрлендірілген организмдерді қолдана отырып алынған тамақ өнімдерінің Еуразиялық экономикалық одақ нарығында («ЕАО»), өнімнің бірыңғай белгісінің жанында ГТО белгісі белгіленуі қажет екеніне қарамастан, «Nongshim Korean kimchicheese» өндірушісі ГТО құрамында бар деген белгісін тез дайындалатын кеспелер қаптамасында белгілемеген. Алдағы уақытта Департамент стандартқа сай келмейтін өнімді сатылымнан алу жөнінде шаралар қабылдайды.

Тез дайындалатын кеспе, әсіресе рамен, жастар арасында өте танымал және жыл сайын оның сұранысы өсіп келеді. Сыртқы түрі, ерекше дәмі бар және ең бастысы пісіру уақыты 10 минутты алады. Бұл өте ыңғайлы. Алайда өнім құрамының сапасы әрқашан басым тұру керек.Комитет мамандары

Генетикалық түрлендірілген организм (ГТО) - генотипі гендік инженерия әдістерінің көмегімен жасанды түрде өзгертілген организм. Гендік инженерия өсімдіктерге, жануарларға және микроорганизмдерге қолданылады. Генетикалық өзгерістер, әдетте, ғылыми немесе экономикалық мақсатта жасалады. Өнімділікті көбейтіп, ауа-райының сыртқы факторларына, сонымен қатар зиян жәндіктерге төзімді арттырады.

Құрамында ГТО бар өнімді пайдалану салдары денсаулыққа қандай да бір зиянын тигізеді ме?

Айта кету керек, ГТО өнімдері әдеттегі өнімдерден құрамында адам ағзасына бөгде модификацияланған ДНҚ мен ақуыздардың болуымен ерекшеленеді. Осылайша оңтүстік мегаполистің санитариялық дәрігерлері өнімді сатып алмас бұрын, құрамына қарауды ұсынады. Бұл ретте тұтынушы құрамында ГТО бар өнімді пайдалану туралы шешімді дербес, яғни өз қалауымен қабылдайды, – делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарламасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: