Жаңалықтар тізбегі
0

Тоғжанов Алматыдағы коронавирусқа қарсы шараларды күшейтуді тапсырды

коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2022 13:49 Сурет: Zakon.kz
8 шілдеде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыға келіп, қаладағы коронавирус жағдайымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Коронавирус таралуы бойынша Алматы «сары» аймақта. Көктемнің басында және ортасында төмендегеннен кейін аурушаңдықтың өсуі байқалады. Вирус жұқтырғандар саны бүгінде 0,2%-ға дейін өсті, таралу көрсеткіші тұрақты, 1-ден жоғары. Инфекция ең көп тіркелген аудандар – Бостандық, Алмалы, Алатау және Медеу.

Коронавирус жұқтыру артуының себебі – қоғамдық орындарға бару, үйде, қоғамдық көлікте, жұмыс орнында байланыста болу, сонымен қатар вакцинация мен ревакцинацияның төмендеуі.

Тұрғындар арасында инфекцияны азайту мақсатында қала әкімдігі вакцинация мен ревакцинацияға бақылауды күшейту, науқастарды оқшаулау, негізгі профилактикалық шараларды сақтау қажет екені туралы халыққа түсіндіру бойынша шаралар қабылдады. Бұл ретте Алматыда вирустың жаңа толқынына 7 мың орындық 23 ковид клиникасы, оның ішінде 250 реанимация бөлімі дайындалды.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алғашқы медициналық санитарлық көмек жұмысын үйлестіру, вакцинация мен ревакцинацияны ұйымдастырудың маңызына және қаланың денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясының келесі өсуіне дайындығына назар аударды.

Бүгін қойылған міндеттерді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерімен бірлесіп сараптап, коронавирус инфекциясы таралуының және өсуінің алдын алу бойынша қажет шараларды қабылдауыңызды сұраймын.Ералы Тоғжанов

Жиын соңында премьер-министрдің орынбасары қала басшылығына COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинация науқанын күшейтуді, сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жүргізудің сапасын күшейтуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: