Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде ана мен бала өлімін азайту үшін қандай шара қабылданады

Денсаулық сақтау министрлігі, ана мен бала өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 14:58 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі ана мен бала өлімінің артуы туралы сынына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ажар Ғиният бірінші жартыжылдықта елде жалпы өлім-жітім 10 пайызға азайғанын атап өтті.

Нәресте өліміне келетін болсақ, 2014 жылдан бастап қарасаңыз, соңғы 10 жылда нәресте өлімінің көрсеткіші құбылмалы болды. Ал 2014, 2015 жылдары күрт өсу байқалады. Кейінгі жылдары төмендеп, 2019 жылы қайта өсті. Ол ананың денсаулығымен байланысты, өйткені нәресте өлімі бір жасқа дейінгі өлім болып саналады. Нәрестелердің көпшілігі перинаталдық себептерден өледі. Бұл балалардың белгілі бір аурумен туатынын білдіреді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Оған себеп, оның айтуынша, өткен ғасырда салынған перзентханалар мен перинаталды орталықтардың материалдық-техникалық базасының ескіруі.

Елбасының қолдауымен, оның тапсырмасымен үкімет енді жаңа перинаталдық орталықтар салып, барлық перзентханаларда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Ажар Ғиният
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: