Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде медициналық мамандықтар бойынша берілетін гранттар саны артады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, грант, медициналық мамандықтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 17:53 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандықтар бойынша бакалавриатқа және резидентураға білім беру гранттарының саны артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта бакалавриатқа барлығы 2700 грант бөлінді: «Мейірбике ісі», «Фармация», «Жалпы медицина/Медицина», «Стоматология»,   «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық» мамандықтарына 2335 грант, квоталар – 365 грант (жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар және т. б.), 20 грант – халықаралық келісімдер шеңберіндегі гранттар.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, магистратураға денсаулық сақтаудағы «Менеджмент», «Қоғамдық денсаулық сақтау» , «Мейірбике ісі», «Фармация» , «Биомедицина» , «Медицина» , «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша 325 грант бөлінді.

Мәселен, 2023 жылы мемлекеттік гранттардың саны 1500-дің орнына 1700-ге дейін, 2024 жылы –1800, 2025 жылы – 2000-ға дейін ұлғайтылатын болады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, резидентураның мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде денсаулық сақтау, аймақтандыру басқармаларының өтінімдеріне және ЖОО, ҒЗИ, ҰО өтінімдеріне сәйкес өңірлердің қажеттілігі ескеріледі.

Тұтастай алғанда, медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердің қажеттілігі мен жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері ескеріле отырып қалыптастырылады.

Жыл сайын республикалық комиссия Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін мамандықтар бойынша білім беру гранттарын алқалы түрде бөледі.

Мәселен, 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жыл сайын мемлекеттік тапсырыс беру көзделеді: бакалавриат – 2700, резидентура – 1500, магистратура – 325, докторантура – 160 орын. Бұл ретте аса тапшы мамандықтарды бөлу жоғары оқу орындарын өңірлендіруді ескере отырып, өңірлердің қажеттіліктері мен өтінімдері негізінде комиссиялық түрде қалыптастырылады.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: