Қытайда бір шопан бубон обасын жұқтырды

зерттеу, зертхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 11:13 Сурет: pixabay
Қытайдың солтүстігіндегі Нинся-Хуэй автономиялық ауданында бубон обасын жұқтыру жағдайы анықталды. Мұндай ақпарат жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәлімдемесінде келтірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің мәліметінше, Ішкі Моңғолия автономиялық ауданынан Инчуан қаласына оралған 45 жастағы шопаннан бубон обасы ауруы расталды, деп хабарлайды wsjkw.nx.gov.cn.

12 шілдеде науқастың дене қызуы көтеріліп, шаршаңқы хәлке түскен. Есін жоғалтқан, нәжісі сұйық болған, диарея байқалған, – делінген хабарламада.

Өткен аптада, 13 шілдеде науқас Инчуандағы медициналық мекемеден көмек сұраған. Дәрігерлер сейсенбі, 19 шілдеде ауруды бубон обасы деп растады. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Автономиялық аймақтың халық үкіметі төрт деңгейлі төтенше жағдай қарастыруға кірісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: