Қайрат Құдайберген коронавирус жұқтырды
Сурет: Facebook/Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайбергеннің коронавирусқа тапсырған сынамасы оның КВИ жұқтырғанын көрсетті. Бір күн бұрын Құдайберген өзін нашар сезінген, сырқат белгілері COVID-19-ға ұқсас болған. Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Әмитов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адвокат бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш берді.
Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органының Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырып, прокурорға тиісті медициналық бақылауды қамтамасыз етуді міндеттеді. Прокурорлар қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз, бірақ алда демалыс екені қорқытады, олар мұны келесі аптаға қалдырады, – деді Әмитов.
Ол тергеу сотының шешіміне апелляциялық шағым берілетінін атап өтті. Әмитов бұл аурудың өте қауіпті екенін, Қайрат Құдайбергенге медициналық мекемеде тиісті көмек көрсету керегін айтты.
22 сәуірде Алматыда мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды. Қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейін Қайрат Құдайберген «Аманат» партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды.
Прокуратура Құдайбергенді Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты әрі ұйымдастырды деп күдіктенетінін хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript