Қайрат Құдайберген қамауда қалды

Алматы соты, Алматы трагедиясы, қаңтар, тәртіпсіздік, мәслихат депутаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2022 17:48 Сурет: Facebook/Кайрат Кудайберген
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі апелляциялық инстанцияда Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі өзгеріссіз қалдырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баспасөз қызметі сот отырысы 4 мамырда өткенін нақтылады.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қамауға алу санкциясын өзгеріссіз қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Бұған дейін тергеу соты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген.

Еске салcақ, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған болатын.

Құдайбергеннің тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және қатысқаны «Қазақстан» қонақүйінде ұсталған топ мүшелерінің ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалар мен куәгерлердің айғақтары арқылы расталады. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: