Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты тың деректер айтылды

Алматы традегиясы, Дикий Арман, Алматы прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 12:40 Сурет: Facebook/Кайрат Кудайберген
Алматы прокуратурасы Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен 1983 жылы 25 желтоқсанда туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстады. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ұсталған Қайрат Құдайберген Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеу барысында Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Джумагелдиевпен бірге (лақап аты «Дикий Арман») «Қазақстан» қонақүйінде халықты жинап, Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге, оны қолдап, билікке ортақ талаптар қоюға шақырып, адамдарды 10 адамнан тұратын «торларға» бөліп, оларды топтасу белгісі ретінде қолдарға ақ мата байлауды тапсырған.Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство «Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңсыз әрекет күш көрсету және әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын келтірумен жаппай төбелеске ұласқанын» атап өтті.

Құдайбергеннің тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны «Қазақстан» қонақүйінде ұсталған Жұмагелдиев тобының мүшелерінің ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалар мен куәгерлердің айғақтары арқылы расталады. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: