Коронавирустың «кентавр» деген түрі пандемияны тоқтата алады – сарапшы
Сурет: Zakon.kz
Иммунолог Владислав Жемчуговтың пікірінше, коронавирустың түршесі саналатын «кентавр» «тірі вакцина» болып, пандемияны тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Медицина ғылымдарының докторы Жемчуговтың айтуынша, «кентавр» анағұрлым жұқпалы, сондықтан ол халықты тез «иммундайды», деп жазды РИА Новости.
«Омикрон штамының» жаңа түршесі қазірдің өзінде көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде де табылғаны атап өтілді. Ғалымдар әлемдегі COVID-19-дың жаңа толқынын «кентаврмен» байланыстырып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript