Қазақстанда коронавирусты емдеу хаттамасы қайта қаралуы мүмкін

емдеу, медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 17:12 Сурет: Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасы
Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы сертификатталған дәрілерді сатып алуды жоспарлап отыр ма, жоқ па, соны айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз әлемде коронавирус инфекциясын емдеу үшін қолданылатын қандай дәрі-дәрмектер бар екенін зерттеп жатырмыз. Бірақ мұндай препараттар әлі барлық зерттеудің соңғы кезеңінен өткен жоқ.Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов

Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, сонымен қатар бірқатар елдер жағдайға байланысты кейбір дәрі-дәрмектерді шұғыл қолдану туралы ұсыныстар береді.

Клиникалық хаттаманы әзірлеушілер бұл бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақында нәтижесін жариялаймыз. Бір ай ішінде жауабын береміз деп ойлаймын.Бауыржан Жүсіпов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: