Жаңалықтар тізбегі
0

28 шілде – дүниежүзінде Гепатитпен күрес күні

гепатит, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 16:25 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі
Жыл сайын 28 шілдеде бүкіл елде дүниежүзі Гепатитпен күрес күнін (World Hepatitis Day) атап өтеді. Ал Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстан гепатитпен күрес бойынша көшбасшылар санатында, деп хабарлайды Zakon.kz.

2016 жылы ДДСҰ-ның 2030 жылға қарай С гепатитін жою бойынша жаһандық бағдарламасы басталды. ДДСҰ Қазақстанды осы бағдарламаны орындау бойынша ТМД кеңістігінде және Орталық Азиядағы көшбасшылар санатына қосты.

ДДСҰ дерегінше, вирусты гепатит әлемде 2 млрд жуық адамның немесе планетадағы әрбір үшінші адамның денсаулығына зиянын тигізді. Әлемде 325 млн адам B немесе С вирусты гепатитпен өмір сүреді. Жыл сайын 900 мыңға жуық адам B вирусты гепатиттен көз жұмады.

Гепатит деп бауыр тінінің қабынуын атайды. Гепатиттің А, B, С. Д және Е деп жіктелетін бес негізгі типі бар. Олардың ішінде өлімге душар қылатын B және С гепатиттері жыл сайын 1,4 млн адамның өмірін жалмайды. Бауыр циррозына алып келетін басты себептердің ішінде вирусты гепатиттер, алькогольді және алкогольді емес ішімдіктен бауырды май басу (гепатоз), сонымен қатар бауырдың аутоиммундық және метаболизмдік аурулары аталады.

Қазақстанда «вирусты гепатит» бойынша 49 175 ересек пациент«Д» есебінде тіркеуде тұр. Оның ішінде 23 233 пациент С гепатиті, 22 977 пациент В гепатиті, 1 252 пациент D гепатиті диагнозы қойылған, 5 976 пациент бауыр циррозына және тағы 500-ден аса адам бауырдың ГЦК, ХЦК ісігіне шалдыққан. Қазақстан гепатологтары 2018 жылдан 2020 жылға дейін 30 мыңнан аса науқасты С гепатитінен емдеп жазды. Бұл орайда С гепатитінен ем тұрғылықты жері бойынша тегін екенін атап өткен жөн.

Бұған қоса Қазақстанда B гепатитіне қарсы вакцинациялау бағдарламасы жұмыс істейді. 1998 жылдан бері сәбилерге бірінші туған күні-ақ перзентханада вирусты гепатит жұқтырудан қорғайтын вакцина салынады. Қазір мамандардың алдында бұл аурудың пайда болуының алдын алу бойынша кешенді шаралар әзірлеу міндеті тұр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, гепатиттен екі жолмен қорғануға болады:

  • ​Гигиена сақтау (бұл А және Е вирустарын қорғану үшін маңызды), қан құю кезінде және жыныстық қатынас кезінде абай болу – бұл B және С гепатиттерінен сақтануға көмектеседі;

  • Екпе алу немесе вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қабылдау. Әдетте вакцина адамға А және B гепатиттерінен сенімді қорғаныш болады, ал дәрі-дәрмектер 95% жағдайда тиімділігін көрсетіп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: