Жаңалықтар тізбегі
0

Өмір біреу – бауыр біреу: 28 шілде – дүниежүзінде гепатитпен күрес күні

Өмір біреу – бауыр біреу: 28 шілде – дүниежүзінде гепатитпен күрес күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 10:57 Сурет: pixabay
28 шілдеде бүкіл әлемде Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. Оның ұраны – "Өмір біреу - бауыр біреу". 2023 жылы жарияланған тақырып гепатиттің қаупін және вирустық ауру профилактикасының қажет екенін тағы бір рет ескертеді.

Бұл күн В гепатиті вирусын ашқан американдық дәрігер және ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Барух Бламбергтің туған күніне орай белгіленді. Дүниежүзілік күннің басты мақсаты - көпшіліктің назарын осы қауіпті инфекциялық ауруға аудару.

ДДҰ-ның басты мақсаты - бауыр ауруларының алдын алу және 2023 жылға қарай гепатитті толығымен жою. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы әлемде С гепатитінің созылмалы инфекциясымен өмір сүретін 58 миллион адам болды, бұл жыл сайын шамамен 400 000 адамның өліміне әкеледі. Диагноз созылмалы С гепатитімен ауыратын 58 миллион адамның 21%-інде ғана анықталды, тек 13%-ы емделді. ДДҰ-ның жаңа жаһандық стратегиясы 2030 жылға қарай вирустық гепатитті жоюдың жаңа мақсаттарын белгілейді. Ол жаңа жұқтыру жағдайларының санын 90%-ға қысқартуға және өлім-жітімді 65%-ға төмендетуге бағытталған.

Егер пациенттің өмірінде қауіп факторлары болса, жыл сайын В және С гепатиттеріне тест тапсырған жөн. ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, А және В гепатиттерінен негізгі қорғаныс - вакцинациялау. Бұл аурудың созылмалы түрлерінің дамуына 95% жол бермейді. Қорғаныс кем дегенде 20 жылға созылады, қайта вакцинациялау қажет емес. В гепатитіне қарсы вакцина адамды D гепатиті вирусынан жанама түрде қорғайтынын ескеру маңызды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 194 000-нан астам адам С вирустық гепатитін анықтауға серологиялық тестілеуден өтті, 31 642 адам диспансерлік есепте тұр, 700 адам алғаш рет анықталды. С вирустық гепатитімен ауыратын ересек пациенттерді емдеу үшін ҚР-да "софосбувир/даклатасвир", "софосбувир/велпатасвир" және "гликапревир/пибрентасвир" режимдері тіркелген. 2022 жылы 30 мыңнан астам ересек пациент "софосбувир/даклатасвир" комбинациясы арқылы терапия алды. Бүгінде қауіпсіз вакциналар мен В гепатитін емдеудің тиімді әдістері, сондай-ақ С гепатитін толығымен емдейтін дәрілер бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: