Жаңалықтар тізбегі
0

Ashyq пен онлайн оқу қандай жағдайда қайта енгізілетіні айтылды

ashyq , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2022 12:18 Cурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният Қазақстан қандай жағдайда Ashyq қосымшасын қайтарып, қашықтан жұмыс форматына көшетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы «жасыл» және «сары» аймақтардағы шектеу шаралары кәсіпкерлік нысандардың қызметін шектемей, инфекция ошағын оқшаулау үшін енгізілгенін атап өтті.

Қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде тек медициналық маска тағу ұсынылады.

«Қызыл» аймақта денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемеге сәйкес екі кезеңде шектеу шаралары қабылданады.

Бірінші кезеңде: кәсіпкерлік қызметті шектеусіз, бірақ ғимарат ішінде және көліктің барлық түрлерінде медициналық масканы міндетті түрде қолдану арқылы.

Егер жұқтыру саны өссе, екінші кезеңде мынадай шаралар енгізіледі:

  • объектілерде Ashyq қосымшасын міндетті түрде қолдану;

  • бұқаралық іс-шараларды өткізуге байланысты кәсіпкерлік нысандарының толтырылуын 50%-ға дейін шектеу;

  • білім беру ұйымдарындағы қосымша шектеулер;

  • ұйымдар қызметкерлерінің 30%-ын қашықтағы жұмыс түріне ауыстыру.

Қызыл аймақта шектеу шараларын енгізу бизнес пен халықтың профилактикалық шараларға деген ұмтылысына тікелей байланысты, – деп атап өтті Ажар Гиният.

Бұған дейін министр коронавирустың жаңа болжамын жариялаған еді. Оның айтуынша, тамыз айында аурушаңдықтың орташа тәуліктік өсуі шамамен 4 мың жағдайға жетеді. Қыркүйек айында төмендеу болжанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: