Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, карантин шаралары, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2022 22:31 Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева елордада коронавирус инфекциясының профилактика шараларын жеңілдететін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маска тағу ұсынылады:

  • адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.) барған жағдайда;

  • ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде;

  • сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде.

    Бұған қоса Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары мемлекеттік мекемелер мен бизнеске мынандай міндеттер жүктеді:

  • тұрғындар арасында коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  • адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

    Ал Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шараларын енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 8 қаулысының күші жойылды.

    Соңғы күндері Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың күнделікті көрсеткіші төмендеді. Атап айтқанда, өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда COVID-19 инфекциясын 178 адам жұқтырғаны анықталды. Елорда 12 тамызда «жасыл» аймаққа өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: