Ақмолалық дәрігерлер басына қоршаудың темірі кірген баланы аман алып қалды
Сурет: pixabay
Балаға бет-жақсүйек хирургы, отоларинголог дәрігер мен нейрохирург ота жасады. Баланың көзі мен миы аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысында дәрігерлер басына кіріп кеткен істікті алып, баланы аман алып қалды, деп хабарлайды 716.kz.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықовтың айтуынша, істікті алғаннан кейін баланың көзі мен миына зақым келмеді, тамырлары да зақымданбады.
Бет-жақсүйек хирургы Д.Федоров, отоларинголог дәрігер Г.Жүнісова мен нейрохирург Н.Ысқақовтан тұратын топ кәсіби түрде жұмыс істеді.
Баланың көрер жарығы бар екен. Қазір ол ояну палатасында жатыр.Нариман Сыздықов
Баланы Щучье қаласынан Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жедел жәрдем жеткізді, деп жазды Sputnik Қазақстан.
Анасының айтуынша, бала футбол алаңында ойнап жүрген. Балалармен футбол ойнап жүргенде, абайсызда қоршаудан шығып тұрған істікке құлаған. Темірді кесіп алып, оны бірден бізге әкелді. Науқас барлық уақытта есін білді, адекватты. Мұнда біздің мамандар барлық қажетті тексерулерді жүргізді: миға компьютерлік томография жасады. Жалпы алғанда, өмірлік маңызды органдар зардап шекпеген. Аурухана меңгерушісі Сабыржан Сабыралиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript