Дәрігерлер Алматыда жол апатынан зардап шеккен жеті адамның қазіргі жағдайын айтты

Алматы қаласы, автобус, жол апаты, Алматы қалаллық денсаулық сақтау басқармасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 14:47 Сурет: Zakon.kz
10 қазанда Алматыда автобус соғылып, жеті адам зардап шекті. Zakon.kz желілік басылымына Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олардың арасында бір бала бар.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер қалалық жедел жәрдем ауруханасы мен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Ал бала №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жіберілді.

Тексерулерден кейін 6 науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді. 1 жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, қазіргі уақытта жағдайы өте ауыр деп бағаланып, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Алматыда 10 қазан күні кешке автобус жеке тұрғын үйге соғылды. Кейін Алматы полициясы жолаушылар автобусымен болған жол апатына қатысты түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: