Адамдарды өрттен құтқарған өрт сөндіруші реанимацияда жатыр

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астанадағы өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 қарашада төрт науқас жедел жәрдем көлігімен №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.
Өрт сөндіруші 1994 жылы туған Асқар Забикулин қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Ол 3-дәрежелі күйік алған.
№10 өрт сөндіру бөлімінің командирі, 1988 жылы туған Аян Кемпіровтің жағдайы орташа ауыр.
"Екі науқас токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Екеуінің де жағдайы орташа ауыр. Жағдайлары жақсарды", - деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
16 қарашада "Қаһарман" тұрғын үй кешенінде 11-қабаттағы пәтер өртенді. Өртенген пәтерде адамдар болған. Өрт сөндірушілер бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, он адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript