Жетісулық дәрігерлер қыстаулардағы 300-ден астам малшының денсаулығын тексеріп жатыр
Сурет: unsplash
Жетісулық дәрігерлер қыстаудағы малшылардың денсаулығын тексеріп жатыр. Медицина қызметкерлері тексеруді Алакөл ауданындағы Қаратау қыстағынан бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабар 24"-тің хабаралуынша, елді мекенде асыл тұқымды жылқы және қой өсіретін 300-ден астам малшы бар. Олар көптен бері дәрігерге көрінбеген.
"Біз енді ауыл жаққа, қала жаққа бара алмаймыз. Қолымыз тимейді. Малдан шыға алмаймыз. Енді өздері келіп тексеріп жатыр. Мынандай мүмкіндік бола бермейді ғой". Малшы Арзыгүл Қаби
Малшыларды терапевт, хирург, стамотолог, педиатр, лор мен окулист тексерген. Электрокардиография, ультрадыбыстық зерттеу, гастроскопия жасалып, рентгенге де түскен. Тексеру қорытындысы бойынша қандай да бір дертке шалдыққандар оны асқындырмай, емделеді.
Мединциналық диагностика тағы екі күнге созылады. Осы уақыт аралағында Алакөл ауданының қыстағында отырған 300-ден астам мал бағатын азаматқа тегін медициналық көмек беру жоспарланып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript