Бизнес орталықтағы төбелес: Алматы полициясы желідегі ақпаратты тексеріп жатыр

Пышақ, Алматы, бизнес орталық, Арай, төбелес, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 19:58 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде 2023 жылы 16 қазанда Алматы қаласының Медеу ауданындағы "Арай" бизнес-орталығының ғимаратында түсірілген видео жарияланды. Видео сипаттамасында әлдекім ер адамға пышақ сілтегені туралы айтылады. Бұл ақпаратты полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан ғимараттан үш адамның қалай шығып бара жатқанын көруге болады. Есік әйнек болғандықтан, сырттағы көрініс те анық көрінеді. Кадрға ілінген екі ер адам кенеттен төбелесе кетеді, олардың бірінің қолында пышаққа ұқсас суық зат көзге түседі. Видео Telegram-дағы egovpress арнасында жарияланды.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.


"Бұл факт туралы осыған дейін полицияға ешкім хабар берген жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: