Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаңа онкологиялық орталық салынады

Алматыда мед орталық салынады Сурет: Атырау әкімдігі
Алматы әкімдігі "Шығыс қақпасы" полиорталығының аумағында 250 орындық онкологиялық орталық салу ауқымды жобаcын іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, қазір Медеу ауданында 5 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Медициналық инфрақұрылымды дамыту туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтқан. Дәлірек отбасылық-дәрігерлік амбулатория, емхана, жедел жәрдем подстанциясы, аурухана салу туралы сөз қозғалды.

Биыл мына медицина орталықтары пайдалануға беріледі:

  • Кеңсай шағын ауданында жыл соңына дейін жобалық қуаты күніне 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беріледі.

  • Көлсай мен Сұлусай шағын аудандарында жыл соңына дейін демеушілік қаражат есебінен фельдшерлік-амбулаториялық пункттер ашу жоспарланып отыр.

  • Алатау шағын ауданындағы мемлекеттік аурухананың аумағында модульдік компьютерлік томография орталығы салынуда. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар №4 және №10 жедел жәрдем подстанцияларының жаңа ғимараттарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың IV -ші тоқсанында аяқталады.

Думан шағын ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа заманауи емхананы салу жоспарланып отыр. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Аяқталу мерзімі - 2023 жылдың IV тоқсаны.

Қала әкімдігі "Шығыс қақпасы" полиорталығының аумағында онкологиялық орталығы бар 250 төсектік онкологиялық орталық салу бойынша ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз