Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артып келеді

Қазақстан, коронавирус, КВИ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 10:17 Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 5 қаңтарда елімізде коронавирус инфекциясын (КВИ) қанша адам жұқтырғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді: егер бір күн бұрын 87 жаңа жағдайы тіркелсе, бүгін бұл көрсеткіш 115-ке жетті.

Сондай-ақ министрліктің қаңтардағы мәліметі бойынша, қазір 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде:

  • 305 пациент стационарда;
  • 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • жағдайы ауыр – 14 адам;
  • жағдайы өте ауыр – 4 пациент;
  •  ӨЖЖ аппаратында жатыр – 2 науқас. 



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: