Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша, өткен тәулікте 33 адам COVID-19 жұқтырған. Алдыңғы күні коронавирус 67 адамнан анықталған еді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, қазір 1 723 адам коронавирус инфекциясынан (–1 563+ және 160 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 616 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр;
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- ӨЖЖ аппаратында жатқандар жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript