Қатерлі ісік бойынша Қазақстанда қай өңір алда
Сурет: primeminister.kz
Онколог-гинеколог Диляра Қайдарова қатерлі ісікпен қай өңірдің тұрғындары көп ауыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маманның сөзінше, онкология аурулары бойынша бірінші орында - Шығыс Қазақстан облысы. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы. Солтүстік аймақтарда өкпе және сүт безі қатерлі ісігі жиі кездеседі. Бірден бір себеп ретінде қоршаған орта факторларын атауға болады.
"Иә, қоршаған орта факторларына байланысты. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда халық саны тұрақты әрі олардың жасы үлкен. Аурулардың өсуі адам 50-ге толғаннан кейін басталады. Шығыс Қазақстанда онкология бойынша Өскемен мен Семей алда. Онда кәсіпорындар көп орналасқан. Абай ауданында қатерлі ісік полигонға байланысты көп. Ядролық қаруды сынау кезінде пайда болған тұқым қуалайтын аурулар бар. Ал Алматы бүгінде онкология бойынша бесінші орында. Себеп ретінде урбанизацияны атаймыз", - деді онколог-гинеколог.
Бүгінде 600-ге жуық бала онкологиялық ауруға шалдыққан. Өсім бойынша индекс тұрақты болып қалады.
"Балаларда ересектердегідей өсу байқалмайды. Онкологиялық ауру көбіне бала бір жасқа толғанша анықталады және соған орай біз уақытылы емді бастаймыз", - деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript