Адамның жүріс-тұрысындағы өзгеріс қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін
Бауырды май басу көптеген дене функцияларына, соның ішінде мінез-құлыққа, сөйлеу және ұйқы қызметіне де әсер етуі мүмкін, деп жазады Daily Express. Сарапшылардың пікірінше, науқас серуендеу кезінде теңселуі мүмкін. Бауыр зақымданғанда адамдар аяқтарын бір-бірінен алшақ алып, теңселіп жүреді.
Медициналық ортада бұл жүріс атактикалық деп те аталады. Адам тұрып тұрғанда да жәй тұрмайды.
Бұл аурудың алдын алу үшін дәрігерлер үнемі жаттығулар жасауды ұсынады. Сонымен қатар, науқастарға май, қант және тұзы аз диетаны ұстануға кеңес беріледі. Сондай-ақ талшықтар, көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну ұсынылады.
Жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептіге теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.