Қостанайда кісі өлтірген күдікті ұсталды
Сурет: zakon.kz
Күдікті ұсталды.
Қостанай қаласында ер адамды пышақтап өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс алдын ала тергелуде», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Еске салсақ, оқиға кеше сағат 21:00 шамасында қаладағы Текстильщиктер көшесінде болған. Үй аулаларының бірінде белгісіз біреулер ер адамды пышақтап тастаған. Алған дене жарақаты салдарынан ол жан тәсілім етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript