Алматы облысында базарда істейтін 22 жасар жігіт менингококктан қайтыс болды
Алматы облысында, бұған дейін хабарланғандай, менингококты инфекциядан екі адам қайтыс болды. Біреуі - кішкентай қыз, екіншісі - 22 жастағы жігіт, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талдықорған жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаевтың айтуынша, жас жігіт 28 сәуірде қайтыс болған. Оқиға Карасай ауданында тіркелді, ауру жылдам асқынып кеткен.
Қайтыс болған жігіт базарда жұмыс істеген. Онымен байланысқа түскен адамдар медициналық бақылауда, зертханада тексерілді, олар жұқтырмаған.
Бір ай өткен соң, 28 мамырда, екінші жағдай тіркелді. 2,5 жасар кішкентай қыз 15:40-та Талдықорған жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Қыз бала сол күні 18.05-те қайтыс болды. Баланың жақындары, ата-анасы мен бауырлары қазіргі кезде ем қабылдап жатыр.
"Облыс бойынша бұл екінші қайғылы жағдай, екеуінің арасында ешқандай байланыс жоқ", - деді Бауыржан Сауранбаев.