Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысында қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды

қызамық, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2023 01:56 Сурет: видео скрині
Батыс Қазақстан облысында қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды. Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт бала ауруханада жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде.

Дәрігерлер Тасқала ауданының ауруханасына түскен қыздың ауруы дереу қозып, оны аман алып қалу мүмкін болмады деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"5-і күні кешкі сағат 10-да түседі де, бес сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтады. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы — скарлатина. Өкпенің қабынуы, миокардит, жүректің миокард ісінуі. Қабынғанда сондай диагноз қойылды. Енді гистологтар гистологияға керек анализдерді алды, толық диагноз алды. Оған бір жұмадай уақыт керек". БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов

Көбінесе 2-10 жас аралығындаағы балаларда кездесетін бұл ауру Тасқала ауылындағы балалар арасында өршіген. Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері бұл аурумен 780 адам ауырса, 347-сі ауруханада емделген. Олардың тек 21-і ересектер екен.

Дәрігерлер қызуы көтеріліп, денесі бөртсе және тіл мен тамақ қызарса, жедел медициналық көмекке жүгіну керек дейді.

Қазір Тасқаладағы "Балдырған" балабақшасы карантинге жабылды. 40 бала жеті күндік карантинде. Олармен қарым-қатынаста болғандардың бәрінен сілекейі алынып, зертханаға жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: