Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде лифтіде қаза болған тележүргізушінің өліміне айыпталушы хәл үстінде жатыр

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2018 23:05 Stan.kz
Лифтіші-электрик Жарылқасын Ақжановтың жүрегіне ота жасалмақ.

31 шілдеде қалалық сотта «Жанабек Сервис» ЖШС басшысы Кенен Жанабек пен лифтіші-электрик Жарылқасын Ақжановтың ісі қаралды. Олар лифтіде қаза болған тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өліміне айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Сотқа Жарылқасын Ақжанов келген жоқ. Ауруханадан оның медициналық анықтамасы берілді. Оның жүрегіне ота жасалатыны айтылды.

Кенен Жаңабектің айтуынша, ұйым былтырғы жылдан бері көпқабатты үйлерге қызмет көрсетеді.

«Біз тәжірибелі мамандарды аламыз. Тәжірибелі лифтер бар еді, ол қайтыс болды. Жалға берушілер бір адамды ұсынды, бірақ оның аяғы ауырып бас тартты. Сосын бізге Жарылқасын Ақжановты ұсынды. Ол лифтіге келіп, жөндей алатынын айтты. Ол 60 жаста. Тәжірибелі адам. Оқыс оқиға алдында лифтіні жөндеп, ол үшін ақысын алды», – дейді айыпталушы.

Адвокаты Кенен Жаңабекотің кінәсін мойындамайтынын айтты.

«Егер прокуратурада лифті сынса, ғимарат басшысы жауап бере ме, лифтер ма?», – дейді адвокаты.

Келесі сот отырысы 13 тамызға жоспарланды.

Қайғылы оқиға 4 сәуір күні кешке орын алған. Лифттің есігі толық ашылмастан, үш жасар қыз оның ішіне кіріп кеткен. Анасы қызының артынан кірмек болғанда есік жабылған. Айзат оқиға орнында көз жұмды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: