Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайлық жігіт достарын полицияға ұстатып жіберді

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2018 17:23 Sputniknews.kz
Жігіттің айтуынша, оны достары ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған.

Қостанайда достарымен бірге арақ ішкен тұрғын полицияға арыз түсірді. Айтуынша, екі жігіт соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 19 тамызда болған. Сағат 20.00 шамасында Қостанай қаласының тұрғыны "102" пультіне қоңырау шалып, өзін екі досы тонап кеткенін айтқан.

Полицейлерге жәбірленуші хабарлағандай, олар Кубеев-Қайырбеков көшелерінің маңайындағы жанармай құю бекетінің жанында ішімдік ішкен. Содан кейін оны бір досы ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Күдіктілер ізін суытқан, ал жәбірленуші сол маңнан өтіп бара жатқан такси жүргізушіден полиция шақыруды өтінген, деп жазды alau.kz.

"Жәбірленуші бізге күдіктілердің белгілерін хабарлады. Шағын ауданды патрульдеу кезінде балконға жасырынған екі адамды байқадық", — дейді полиция сержанты Әлібек Ибраев.

Күдіктілер қашуға әрекеттенген жоқ. 25 жастағы жігіттердің бірінен полиция ұрланған телефонды тәркіледі. Жәбірленуші өзінің достарын таныды. Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес "Тонау" бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: