Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда әйел көршісінің 11 жастағы баласын ұрып тастады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 18:35 Baq.kz
Полиция қызметкерлері баланың алған жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама нәтижесін күтіп отыр.

Полиция қызметкерлері әйелдің не себепті мұндай әрекетке барғаны туралы пікірлерін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақтау қалалық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің жасөспірімдер бөлімінің басшысы Баймұрат Кушеровтың айтуынша, «Дукат» тұрғын үй кешенінде баланы ұрып тастау жағдайына қатысты «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері баланың алған жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама нәтижесін күтіп отыр.

«Бүгінге дейін бірнеше куәгерден жауап алынды. Бала медициналық сараптамадан өтті. Енді оның жауабын күтіп отырмыз. Сараптама нәтижесінде баланың қаншалықты ауыр жарақат алғаны анықталады. Ары қарай іс сотқа кетеді. Сондай-ақ, іс материалдары Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау ісі бойынша комиссияға жіберіледі», - дейді Баймұрат Кушеров.

Еске сала кетсек, Ақтау тұрғыны көрші әйелді ұлын ұрды деп айыптаған. Оның айтуынша, 1 қыркүйек күні оның ұлы мен көршінің ұлы лимонад үшін керісіп, төбелесіп қалған. Көрші баланың анасы олардың төбелесіп жатқандарын көріп, 1 жастағы көршісінің ұлын аулада сүйретіп, басы мен бетінен ұрған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: