Атбасарда өзен жағасынан қарт адамның денесі табылды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 23:27 Sputniknews.kz
Полиция қаза тапқан адамның кім екенін анықтады, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысы Атбасар ауданында өзен жағасынан ер адамның денесі табылды. Қарт кісінің неден қаза тапқаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шульское ауылы жанындағы Жыланды өзені жағасынан ер адамның денесі табылды", — деп хабарлады полиция.

Қаза тапқан адамның кім екені белгілі болды, 1942 жылы туған зейнеткер. Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Өлімнің себептері анықталып жатыр, бастапқы деректер бойынша, суға кеткен", — деп хабарлайды ІІД.

Өткен демалыста Теміртауда өртеніп кеткен ер адамның денесі табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: