Атырау облысында жанып жатқан үйден 26 адам құтқарылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2018 23:35 Baq.kz
Өртті сөндіруге 10 маман 2 арнайы техника жұмылдырылған.

Құлсары қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 26 адам құтқарылды. Олардың арасында 7 бала бар, деп хабарлайды Baq.kz.

Атырау облысы ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қыркүйек күні сағат 01:23-те Құлсары қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчер қызметіне №2 шағын аудандағы №35 бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, №35 тұрғын үйдегі пәтердің 21 шаршы метрін қызыл жалын шарпығанын анықтаған. Салдарынан түтін жоғары қабатқа тараған. Мамандар аталған тұрғын үйдегі 26 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың 6-сы балалар», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 10 маман 2 арнайы техника жұмылдырылған. Олар қызыл жалынды толығымен түнгі сағат 02:20-де сөндірген. Өрттен ешкім зардап шекпеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: