Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да жалғызбасты әйел өз үйінде өртеніп кетті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2018 15:59 ҚазАқпарат
Оқыс оқиға бүгін таңғы 5-тер шамасында болған.

Зырянов ауданына қарасты Парыгино ауылының 60 жастағы тұрғыны өз үйінде өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға бүгін таңғы 5-тер шамасында болған. №3 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің құтқарушыларына көршілерден жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Үйдің ішінен өздігінен шыға алмай, көмек сұраған әйелдің дауысы шығып жатқан.

«Адамдар әйелдің көршілеріне телефон соғып, шығуға көмек сұрағанын айтты. Алайда өрттің жалыны үйді түгел шарпыған. Біз келгенше адамдар өз беттерімен кіруге әрекет жасаған, алайда мүмкін болмаған», - деді №3 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің басшысы Ержан Өмірбаев.

Айта кету керек, Парыгино ауылы ең таяу өрт бөлімшесінен 35 шақырым жерде орналасқан. Құтқарушылар келгенге дейін үй түгелдей отқа оранған. Өрт сөндірушілер үйден 61 жастағы әйелдің денесін алып шықты. Тілсіз жау 2 сағаттан кейін түгелдей сөндірілді. Жалпы 80 шақырым аумақ өртенген.

Көршілердің айтуынша, қаза тапқан әйел жалғыз өзі тұрған.

Өртке отты салғырт пайдалану немесе электр құралдарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын дұрыс сақтанбау себеп болуы мүмкін.

ШҚО ТЖД-ның өрт сөндірушілері нұсқаулықтарды мұқият ескеріп, электр желісін шамадан тыс қолданбауды сұрайды. Сондай-ақ, ақаусыз жылытқыштарды ғана пайданып, оларды түнде өшіріп ұйықтауға кеңес береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: