Қостанай облысының тұрғыны өз үйінде өртеніп кетті
ҚазАқпарат
Төтенше оқиға Қарасу ауданында болған.
Қостанай облысында 51 жастағы әйел өз үйінде жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше оқиға Қарасу ауданында болған.
«Восток ауылындағы Советская, 57 мекенжайында орналасқан жеке үйдегі кереует жанып кеткен. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған. Кереует үстінде 1996 жылғы үй иесінің мүрдесі табылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Құтқарушылар өртті 17 минут ішінде ауыздықтады. Оқиға орнында аудандық №17 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері жұмыс істеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript